Бай туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бай" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бай" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бай" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бай" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 118
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 86
Нақыл сөздер: 46
Туындылар: 1
Әңгімелер: 73
Ертегілер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 21

Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.
Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.
Батыр бастас,
Бай тұстас.
Батыр — аңғырт,
Бай — салғырт.
Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Мал байдікі,
Жан құдайдікі.
Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады.
Мал балада қалды,
Бай далада қалды.
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
Түйелі бай — киелі бай,
Қойлы бай — қорлы бай.
Жылқылы бай — сылдыр бай,
Сиырлы бай — сылбыр бай,
Ешкілі бай — есепті бай.
Қойлы бай — қорлы бай,
Жылқылы бай — сылдыр бай.
Өлім байдың барын шашады, жоқтың артын ашады.