Шындық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Шындық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Шындық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Шындық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Шындық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 49
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 143
Нақыл сөздер: 105
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 2
Аңыздар: 1

Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.
Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.
Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.
Өтірік екеу, шын төртеу.
Атқан жерде оқ қалар.
Көп қайда болса, шындық сонда.
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?
Өтірік жылдам шабады,
Шындық қадам-қадам басады,
Бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.
Шындықтан зор палуан жоқ:
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.
Шын сақыға жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Шындық үшін жан берер.
Шындық — қамал бұзар.
Шындықтың шырағы сөнбейді.
Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.
Шындық бар жерде
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Сұмдық көп.
Шындықтың шырқы бұзылмас,
Өтіріктің өрмегі жиылмас.
Сөз шындықты табар.
Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.
Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың, қатты айтсаң қатыныңа жақпайсың