Мал туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Мал" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Мал" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Мал" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Мал" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 164
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 58
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 5
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.
Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр.
Мал жаным садағасы,
Жан арымның садағасы.
Мал баққанға бітеді.
Малы бардың назы бар.
Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.
Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның,
Малды жаман баққаның, келген бақты қаққаның.
Мал - баласы, жер - анасы.
Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.
Мал иесіне тартады.
Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.
Мал малсақты табады.
Малы бірдің - жаны бір.
Малшы малдың жайылғанына мәз.
Ақсақ малдың ақырына бақ.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.
Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
Ердің малы - елдің малы.
Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.
Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.
Жайлау жайлай білмеген,
Малды айдай білмейді.
Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.
Елдің көркі - мал, өзен көркі - тал.