Ғашықтар күніне сурет фото туралы Құттықтау, тілектер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Құттықтау, тілектер: 10

Қол ұстасқан ғашықтар (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Қол ұстасқан ғашықтар жүзі нұрлы, Алға басып ұмтылыңдар бақытқа. Жүздеріңнен қуаныш лебі кетпей, Бір болыңдар күлімдеп әр уақытта. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Ғашықтардың күнімен
Жүректері бір соққан қос ғашықтар, Құттықтаймын ғашықтар күніменен. Сезімдерің жанданып әр күн сайын, Жүріңіздер Қозы-Баян ізіменен. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Арайлы таң нұр сыйлап (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Болыңдаршы бақытты ғашықтарым, Арайлы таң нұр сыйлап, қуандырып. Қос жүректің лүпілі бірге соқсын, Махаббаттың лебінен нәр алдырып. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Айдында қос аққудай (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Тербеліңдер Ғашықтар, Қос аққудай айдында. Қандай жағдай болмасын, Салынбай еш қайғыға. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Құлпырыңдар көктемдей (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Сезімдерің жанданып, Құлпырыңдар көктемдей. Бақ сыйласын махаббат, Көңілге күй сепкендей. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Махаббатың ұлассын (ғашықтар күніне сурет, фото)
Жүректері бір соққан қос ғашықтар, Махаббатың ұлассын мәңгілікке. Отбасы боп, жанұя, отау құрып, Бірге қолдау беріңдер әр үмітке. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Қозы менен Баяндай (ғашықтар күніне сурет, фото)
Пәк сезімнің қадірін түсініңдер, Қол ұстысып Қозы менен Баяндай. Сезімдерің тамырын терең жайсын, Балаларың үлгі етіп, ден қоярдай. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Төлеген мен Жібектей (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Махаббаттың айдынына шомылыңдар, Бірге әндетіп Төлеген мен Жібектей. Ғашықтардың күнінде қол ұстасып, Үн қатыңдар бірге егіз жүректей. Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Қанаттарың талмасын (ғашықтар күніне сурет, фото)
 Қол ұстасқан екі жас, Қанаттарың талмасын. Сезімдерің жанданып, Таба берсін жалғасын! Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні
Жас ғашықтар үйленген (сурет, фото)
Жас ғашықтар үйленген, Бақ сыйласын сезімің. Бір-біріңе күн сайын, Арта берсін Сенімің!Жібек Искакова
©  Ғашықтар күні