Сабырхан асанов өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 459

Пойыздың төсегінде тербетілем...
Пойыздың төсегінде тербетілем, сүйреткен олай-бұлай жер бетімен. Түрім бар жол үстінде қартаятын, жол үстінде ес жиып, ер жетіп ем.
©  Сабырхан Асанов
Тәтті өмірге басқа тәтті жете ме...
Тәтті өмірге басқа тәтті жете ме, сондықтан да, жұрт онымен етене.Келініңмен тағы айырылдым дейсің сен, жақсы адамнан әйел сірә кете ме?!
©  Сабырхан Асанов
Ей, көп жұлдыз, тарқамас тойым ба едің...
Ей, көп жұлдыз, тарқамас тойым ба едің, қызық дедім өзіңді, ойын дедім. Жерге тамыр жіберген ағаштай боп, көкке қолын созады ойым менің.
©  Сабырхан Асанов
Мен «апа» демегелі көп күн өтті...
Мен «апа» демегелі көп күн өтті, мен «көке» демегелі көп күн өтті. Көгімде қиқулаған қалың қайғы, құстарын көкірегімде көп түнетті
©  Сабырхан Асанов
Көп керек пе...
Көп керек пе,ақынға көп керек пе,Тиме оның көңліне, өкпелетпе?!Қызыл шоғын айырма кеудесінен,қажет болып қап жүрер от керекте
©  Сабырхан Асанов
Баяғы, Баяғыша күн күледі...
Баяғы,Баяғыша күн күледі,тірліктің жанға жайлы түнгі лебі.Бір сөзді қалдырмасам бұл дүнияға,мен келіп кеткенімді кім біледі?!
©  Сабырхан Асанов
Жеке шумақтар
Нұр десем де болады, гүл десем де,таң десем де болады, күн десем де...Жырақ барып жайнаған жалтаң қағып,Қайран жастық,мен сені күндесем бе?!Қарамадың..
©  Сабырхан Асанов
Жұлдыздармен, айларменен...
Жұлдыздармен,айларменен,күндермен,таңдарменен,тал-түспенен,түңдермен,өзендерменен,көлдермен,бірге жасапмен де мәңгі гүлдер ме ем.Аясыңдатірлік дейтін..
©  Сабырхан Асанов
Бұқарға бітпес қу байлық...
Бұқарға бітпес қу байлық, маған бітер деймісің, Жамбылға бітпес қу байлық, маған бітер деймісің. Қасымға бітпес қу байлық, маған бітер деймісің...
©  Сабырхан Асанов
Екі дүние – ескі, көне дау...
Екі дүние– ескі, көне дау, етпеген жан көп бірін төр. Өлген соң– біреу көмер-ау, кім іздеп, бірақ, тірілтер?!
©  Сабырхан Асанов
Түн жайнатып ғаламды...
Түн жайнатып ғаламды, жұлдыз шашқанда, тауларды қалам ғып, жыр жазам аспанға.Бабыма мен келіп, тұрамын күй құрап, бұрқырап пенделік, жатканда..
©  Сабырхан Асанов
Бір күні бұл дүние күлер жібіп...
Бір күні бұл дүние күлер жібіп, туар-ау сөз қадірін білер жігіт.Жаманды жақсыменен сол айырар жақсыны желеп жүріп, жебеп жүріп.Бір жасап қалар сонда..
©  Сабырхан Асанов
Бар өмірім өтпесе де тойлаумен...
Бар өмірім өтпесе де тойлаумен, емін-еркін жетпей мынау қойды-ау дем. Қайран уақыт өлең-жырды аулайтын, өтіп жатыр қарын қамын ойлаумен.Елмен бірге..
©  Сабырхан Асанов
Құр малданып өмір дейтін бес күнді..
Құр малданып өмір дейтін бес күнді, шын ақындар алдамайды ешкімді. Алдамайды, әсіресе, қыздарды, құбылтпайды өйтіп олар кескінді.Жаратылған соң, о..
©  Сабырхан Асанов
Неге келдім ауылдан?
Неге аулымда тыныш жүре бермедім, аз ба еді онда алданышым, ермегім. Жырмен жаулап аламын деп әлемді, бекер болды-ау Алматыға келгенім.Неге келдім..
©  Сабырхан Асанов
Ұлылығым – есен -сау жүргендігім...
Ұлылығым –есен-сау жүргендігім,тау суындай сыңғырлап күлгеңдігімАлыс-жақын ағайын арасында,жүрер жол,сөйлер сөзді білгендігім.Ұлылығым –елуге..
©  Сабырхан Асанов
Көп оқыдым, көп тоқыдым демеймін...
Көп оқыдым,көп тоқыдым демеймін,ол жағына бай емеспін, кедеймін.Барым менің– жалғыз жалын жүрегім,жас баладай жалғыз арым... не деймін.Көтере..
©  Сабырхан Асанов
Шашым неге ағардың...
Шашым неге ағардың бітіргендей бірдеңе, ес тоқтатқан егделік келіп қонды-ау іргеме. Бастан өткен қуаныш, қайғысы мол күндерді, алып қалса қайтеді..
©  Сабырхан Асанов
Ақынның әйеліне
Белгілі күнің сенің күн емес бұл, сен жансың жарың үшін тілеулес бір. Ол күлсе, күліп бірге мәз боп қалып, көзінде көлбеңдейді нұр елес кіл.Жүргенің..
©  Сабырхан Асанов
Жап -жас қыздай қайтесің бұлғалаңдап...
Жап-жас қыздай қайтесің бұлғалаңдап, тап сол үшін көңілім тұрды алаңдап. Жақсы дейсің ана ақын, мына ақынды, менен жақсы ақын жоқ бұл..
©  Сабырхан Асанов
Ақын деген ары емес пе бұл елдің...
Ақын деген ары емес пе бұл елдің,ақын деген нары емес пе бұл елдің.Қуанғанда,көп төгілген күлкісі,қайғырғанда,зары емес пе бұл елдің.Ақын деген ойы..
©  Сабырхан Асанов
Аласапыран, қарны ашқан бұл заманда...
Аласапыран,қарны ашқан бұл заманда,амалда өлең,амалда өлең,амалда.Тиын қуған тірлік түбі оңбайды,гүл болмаса,жыр болмаса ғаламда.Біліп тұрып..
©  Сабырхан Асанов
Ең қиыны – лауреаттығын бермес -ақ...
Ең қиыны– лауреаттығын бермес-ақ, болыпты да жыр жырласақ, тер болсақ. Лауреаттығым– оларда емес– бойымда, мен жүзімді тұра алмаймын жерге..
©  Сабырхан Асанов
Атақ
Атақ десе, алдарына жан салмай, жүгіреді күндіз-түні қанша адам. Арналады соған кештер аңсардай, арналады армандардай таң соған.Бір-біріне сөз айтады..
©  Сабырхан Асанов
Мінезіме болсаң кейде таң қалар...
Мінезіме болсаң кейде таң қалар, оның да бір себебі бар, аңғар ал:тірісіңде маңайына жолатпай, енді ақыншыл болып алған жандар бар.Солар ғана..
©  Сабырхан Асанов