Жаңа жыл 2024 туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 30
Құттықтау, тілектер: 17
Шығармалар: 3
Эсселер: 2

Кел жаңа жыл ән болып
Әуезді әнмен тербейтін, Кел жаңа жыл ән болып. Аяз ата есік аш, Сыйлығыңыз бар болып.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым, жаңа жырым
Жаңа жылым, жаңа жырым, Жаныңызды тербесін. Жаратқаным жар болып, Қиындығын бермесін!
©  Жаңа жыл
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл, Келіп жеткен достарым! Жаңа жылда жарқырап, Ашық болсын аспаның!
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Шырқап айтар ән болып. Жаңа жылда шаттықты, Шуақты атар таң болып.
©  Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Келді жаңа жылымыз, Жаңа әуен, күй болып. Жанымызды тербетер, Таңғажайып сый болып.
©  Жаңа жыл