Бөлім: «Аңыздар»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Бозтөбе
Өткен ғасырда Қазақстанның батысында бір жылы ашаршылық болып, мал көп қырылыпты. Ашыққан халық күнелтіс іздеп, жан-жаққа кете барады. Сол жылы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозінген күйі (ІІІ нұсқа)
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозінген (ІІ нұсқа)
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі — «Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозінген (ІV нұсқа)
Бір кедейдің маңдайына бітіп, таңдайына талшық етіп отырған мал дегенде жалғыз «Бозінгені» бар екен. Жазғытұрым сол Бозінген боталайды. Бір айдан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозінген (І нұсқа)
Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозайғыр (ІІІ нұсқа)
Ертеде тау бөктерінде жатқан жылқыларды ұрылар айдап кетулі. Жылқы ішінде Бозайғыр бар екен. Ол үйірден ұзап алысқа кетпей, шет жағында жайылып жүрсе..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозайғыр (ІІ нұсқа)
Өткен заманда бір байдың жылқыларының ішінде боз айғыры бар екен. Боз айғыр жылқылардан ұзап алысқа кетпей, шет жағында жүретін. Бір күні жылқыны..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозайғыр (ІV нұсқа)
Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көкке тойғаннан кейін үйір іздейді.Бозайғыр..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозайғыр (І нұсқа)
Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен екен бабаларымыз, — дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек жануар бір топ жылқымен бірге..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Боз қаңғыр
Құрманғазы кенеттен кетіп қалғанымен жолшыбай батырларды сағынады. Олар жөнінде бала ораз ақынның:«Төремұрат, Нарынбай,Өте дегдар ерлерім.Сол ерлерім..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бодау кеңес
Шыңжаң аймағында ғұмыр кешкен белгілі би, әйгілі күйші Бейсенбі Дөненбайұлының (1825-1898) «Бодау кеңес» деп аталатын күйі бар. Осы күйдің аңызын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бесік күй
Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жақындаса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бес төре (ІI нұсқа)
Тәттімбет Омбыға барған сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төрелермен сапарлас болады. Кейбір..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бес төре (І нұсқа)
Тәттімбет танымал күйші ғана емес, тұтас Қаракесекте сөз ұстаған сері, шежіре-шешен болған кісі екен. Сонысынан болса керек, бір жолы ол Қаракесектің..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бес қыз (ІІ нұсқа)
...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бес қыз (І нұсқа)
Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. Үй ішінде бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Келген қонақтың домбырасы бар..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бел асар
Бұл күйді бір ұры шерткен екен. Нөкерлеріне жылқыны айдатып жіберіп, жол-жөнекей бір үйге кіріп, сусындап отырып, ілулі тұрған үкілі домбыраны алып..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бекболат би
Бекболат — қаракесек ішіндегі қазақ еліне даңқты қаз дауысты Қазыбектің баласы. Ол хан Абылайдың ақылшысы, сүйікті де сенімді биі болды. Басқа билер..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бейжін сары
Ертеде малмен ғана күн өткізген қазақ халқы тіршілікке қажетті басқадай заттарды алу үшін басқа елдермен сауда-саттық жасап тұрған. Басқа елдерге..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бегім салы
Бір орта жастан асқан адам мен, бір жас жігіт жол жүріп келе жатады. Екеуінің де тіршілігі құбатөбел, мінген көліктері шардақ екен. Күн түске..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бегім бер (ІІ нұсқа)
Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бегім бер (І нұсқа)
Ел аузында «Жанкент жеті рет күйреп, жеті рет көтерілген» деген сөз бар. Соның бірі Шаншар ханның ханымы Бегім-анаға қатысты айтылады.Шаншар хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Беген
Қосар атпен келіп белдеуге түскен жігітті даяшылар ықылас білдіріп ордаға бастайды.Ордада жатқан бай есіктен имене сәлем берген жас жігіттің..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бәйдібек би (І нұсқа)
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей сасады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Башпай
Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай» Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті