Бөлім: «Аңыздар»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Былқылдақ
Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, кедей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыяпат, қошаметке бөленіп  жүрген бір..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұтабайға арналған кеңес
Қайрақбай заманында Бұтабай деген кісі аға сұлтандыққа сайланыпты. Бірақ Бұтабай ағайынның қадірін, алаштың құрметін ұмыта бастаған кезінде, ауыл..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз
Күлік баласы — Тілеуімбет, мұнан туған — Жанайдар. Бұл Жанайдар — Абылай заманында жас бала. Жұрт аузында жақсы Жанайдар атанған.Сол замандағы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұраңдама, келіншек!
Қазанғап күйшінің өнері шартарапқа тарап белгілі бола бастаған шағы болса керек. Қайда барса да, елі құрметтеп қарсы алған ғой. Жылда жазғытұрым..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлдыр тау
Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлды құс
Қанша тырбанса да, еңбегі еш, тұзы сор болған, тіршілігі барған сайын кері кеткен бір кедей жігіт, ауыл-үйін тәрік етіп, өзінің бақытын іздеп жолға..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлғын — Сусар
Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы тілдесіп, сөйлесе береді екен. Оны «аңның тілін білген, құстың үнін түсінген» деп жұрт аса..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұлдың құрғыры
1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл торғай (ІІ нұсқа)
Тамылжыған көктемнің май айы еді. Құлын жарғақпен қапталған домбырасын мойнына асып алған Мүкей, Білезік өзенін құлдап, Кеңтөренің ауылын бетке алып..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл торғай (I нұсқа)
Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүрген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қалың орманынан отын алуға барады...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл Айша (І нұсқа)
Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайтады. Астрахань губерниясынан қайтар жолда..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл Айша (IІ нұсқа)
Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл (II нұсқа)
Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан болмайтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұлбұл (I нұсқа)
Әйгілі күйші Сағырбайұлы Құрманғазы бір даудың салдарынан істі болып, сол кездегі Бөкей ордасының әкім сұлтаны Шығайұлы Дәулеткерейдің алдына келіпті..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұланжігіт
Бұланжігіт басында күйші емес екен. Ол талапты, батыр боламын, елді жаудан қорғаймын деген ойы бар жігерлі жас жігіт екен.Бір кезде Абылай хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұл — Мезгілбайдың ауылы (II нұсқа)
Бөкей хан билеріне пышақ беріп: «Біреуі — байдікі, біреуі кедейдікі, соны табыңдар», — дейді. Екі арғымақ беріп: «Біреуі — анасы, біреуі — баласы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұған неғып күлмессің
Қожанасыр жайындағы халықтық аңызда мынадай бір ескертпе бар: «Қожанасырдың моласы жардың еңкіш жағасына еңкейте салыныпты, оны көргенде күлмей өткен..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бүркіттің күйі
Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тілей деген адам өткен. Өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал бітпеген кедей адам болыпты...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөліп киейік
Базарға қауын алуға барған жолаушы ақшасы жетпей қалып, басындағы су жаңа қалпағын Қожанасырға сатады. Сатып алған қауынды Қожанасыр екеуі бөліп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөктергі
Ел ішінде мынадай аңыз бар: тегінде бөктергі деген аса қыран құс болыпты. Ол көзіне көрінген құстың бәрін алып жей беріп, құс тұқымы азайып кетіпті...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөкен жарғақ (ІІ нұсқа)
Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып, ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қалған екен. Жігіт аң аулап..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөкен жарғақ (І нұсқа)
Ертеде ағайынды екі жігіт болыпты. Әкелерінен жастай айырылып, шешесі үшеуі өмір сүреді екен. Алаңдары болмай өскен ағайынды екі жігіт жастайынан аң..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөдене мен Жарылғап
Қалмақ ханы Қоңтажыға барып, теңдік алып қайтқаннан кейін Қазыбектің абыройы хан Бертістен артып кетеді. Қаракесек ішінде бұрын хан Бертістің алдына..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бөгенбай батыр
Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бозшолақ
Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен достасуы болады. Уақытша советке қадірлі..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті