Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  213


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

«САНАМАҚ»

Қара Аспанның астында қала жатыр қап-қара...
Қара қардың үстінде аш сауысқан, сақ бала... Аш
сауысқан, сақ бала...
Бала сынды ол ойлы.
(нең бар, нең жоқ, оңаша түгендеуге қолайлы)
Бір, екі, үш...
Көзеуге жетерліктей саусақ бар,
әр көзеулі саусағың әлденені аңсатқан.
...алты жарым ақ терек ауырғандай сүзекпен...
Жүз терезе – жалғыз үй, елу кемпір күзеткен.
Қалғандары – жұмыста... кезегінде тамақтың. Бір,
екі, үш... сәрсенбі...
Шарапхана.
Абақты...
Кешегі күн ұсқыны қисайыңқы мазақтан. Көз
– тайғанақ.
Бет – қалың! Ой
– қараңғы! Сөз –
аппақ?.. Бір, екі,
үш...
Шынында, керек шығар тездету?!.
Қаражасыл аязбен бояп алған саз-бетін
қырсық көше...
Сигнал... Гуіл...
Ызың...
Жаңғырық...
Қара мұзда толғақты мысық отыр мәңгіріп.
Мияуы оның сөндірер Басыңдағы қиялды.
Бір, екі, үш...
...күреп жүр құрғақ жөтел үй алдын.
Жарнамалар...
 Төртеуі – уәдесі сайлаудың.
Бесіншісі – қаулысы, иландырмай қоймаудың.
Келесі айда – мереке.
Қызарыңқы жалаулар... Бір, екі, үш...
Ком-му-ни-зм-ге дейін санау бар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу