Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  129


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Саз аспаптары

1. Қызметi.
Далам – майдан...
Тарихтың жатты мұңы,
Дауылпаздан дүрлiктi сақтық үнi.
Дауылпаздан тамшылап қасiреттер,
Жаншып жатты рухымды ат дүбiрi.
Мезгiлге алқа дыбыстан тағып түрлi,
Сазды әлемге пейiлiн шабыт бұрды.
Дабыл үнi түлеткен жаңғырықтар
Мәңгiлiктiң есiгiн қағып тұрды.
Қобыз бiткен қайғының өртiн iштi,
Домбыраға күш бiттi өр тынысты.
Өр тынысты бақсыдан шайтан қашып,
Кепшiк үнi үркiттi қорқынышты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу