Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  65


Автор: Темірше Сарыбаев

ЕНДІ САҒАН КӨРГЕН ТҮСПІН

Енді саған көрген түспін,
Елеспін.
Өзіңе аян:
Қалай жандым,
Неге өштім?!
Бар болғаны – басы жұмыр пендемін,
Періште де,
Пайғамбар да емеспін.
Морт сындың деп, есің болса, тақпа мін!
Қайтып саған ашылмайтын қақпамын.
Жүрегімді жая-жая жолыңа,
Қап-қара боп шықты-ау менің аппағым!
Қап-қара боп,
Бар бояуың қап-қара,
Қап-қара бір жаздың мені тақтаға.
Жарығымды жоғалтпауға тырыстым,
Жан-жағымды түнек басқан шақта да.
Ай нұрындай жауһарланған бір үміт,
Сөніп барып,
Өліп барып тіріліп...
Құла түзде көкбөріге айналып,
Көктебеде көкке қарап тұр ұлып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу