Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  97


Автор: Ақылбек Манабаев

БАЛАЛЫҒЫМ — БАЛ ДӘУРЕНІМ

Асыр салып гүл тергенде,
Ну орманды кезіп жүріп,
Қара түнді бүркенгенде,
Оңашада көз ілдіріп,
Жатқанымда қалды-ау менің,
Балалығым — бал дәуренім.
Мөлдір суға бетім жуып,
Асау өзен жағасында,
Ой мен қырда көбелек қуып,
Көк шалғынның арасында,
Шапқанымда қалды-ау менің,
Балалығым бал дәуренім.
Балғын жүздер балбұл жайнап,
Ұқсап өмір көктеміне,
Көп шәкірттің көше бойлап,
Бет түзеген мектебіне
Қатарында қалды-ау менің,
Балалығым — бал дәуренім.
Жылжыр жылды үлестіріп,
Аялы жоқ бүл ғүмырдың.
Уақыт көшін ілестіріп,
Алға озған тірлігімнің
Сапарында қалды-ау менің,
Балалығым — бал дәуренім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу