Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  117


Автор: Ақылбек Манабаев

БҰЛБҰЛЫМ

Бұлбұлым, құлағыма үнің жетіп,
Сайрады жүрегімді дірілдетіп.
Көгіме шығарғандай тәтті әуенің,
Шаттықтың күміс күнін күлімдетіп.
Саялы саз, сыңғыр үн,
Аялайды қыр гүлін,
Көңілімді тербетіп
Сайрай берші бұлбұлым.
Бұлбұлым, дауысыңа ерте жеткен,
Құштар боп құлшынып тұр өлке, көктем.
Айналдым мынау жарқын кең даладан,
Әлдилеп, сені мәңгі еркелеткен.
Бұлбұлым, таңдайыңнан құйып балды,
Шырқай бер әніңменен сүйіп таңды.
Менің де бар өзіңдей жыршы құсым,
Тыңдайтын тәтті сырын ұйып мәңгі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу