Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  82


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАЛАҢАШ ЖАРТАС

Жалаңаш жартас жантайып жатып қалғиды,
Арыстан- өзен арсылдап көкке қарғиды.
Тамшыларға түйе табанын жалатып,
Тасбақадай жау жапырақтар тарбиды.
Сайып қыран самғайды шыңның сал құсы,
Етекте орман секілді таудың шалғышы.
Балауса бұлттарды байбалам салып орып жүр
Найзағай – көктің шалғысы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу