Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  119


Автор: Ақылбек Манабаев

Қиял – тұлпар мінгенім...

Қиял – тұлпар мінгенім,
Ауылын бетке ап өлкеңнің,
Дүбірге көміп қыр жонын,
Көсілте шауып, жөнелдім.
Ілесіп уақыт көшіне,
Арманға алыс бет қойдым.
Төгілді тірлік төсіне,
Алаулап ізі отты ойдың.
Жанымдағы алға бастайды,
Өмірге шексіз құштарлық.
Асыл жар – қымбат бас бәйгі,
Арналмақ соған күш барлық.
Ғашықпын мәңгі шын сырға,
Дос болу көпке – мақсатым.
Көтеріп шыған нұр шыңға
Адамның асқақ жақсы атын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу