Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  86


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖЕТІМ ҚОЗЫ

Көп қозылар жатқанда енесіне жамырап,
Ол тұрады бір шетте өкси зарлап-маңырап.
Жаутаңдаған жанармен сүзіп шығып маңайды,
Жабырқайды, жан-жаққа жалтақ-жалтақ қарайды.
Емшек іздеп егіліп аралаумен көп қойды,
Емінсе де оны елеп ешкім керек етпейді,
Одан әрі шарлауға төзімі де жетпейді.
Күдер үзіп, үн-түнсіз үйшігіне беттейді.
Шопан ана әкеліп бергеннен соң жылы сүт,
Ол ұйықтайды балбырап барлығын да ұмытып.
Мейірімнің мәңгілік сөнбес оты дарыған,
Шіркін, адам, кіршіксіз жүрегіңе табынам.
Өшіруге өмірдің өгей сөзі – жетімді,
Құдіретің тек сенің жететұғын секілді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу