Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  180


Автор: Ақылбек Манабаев

СӘСКЕДЕ

Балқыған алтын маңдай күн жанары,
Жарқырап қыр үстіне нұр қадады.
Қызыл шақа жондардың қызғалдағы,
Қымсынғандай қырындап ырғалады.
Шоқ-шоқ болып қараған бөрте гүлді,
Бал қурайды майыстыра жол тебінді.
Қотандағы қойлардай тобын жазбай,
Жусап жатыр беткейде тор тобылғы.
Қадау-қадау шатқалдың тал, ағашы,
Шарлайды көк шалғынды бал арасы.
Қыздыра бастап жүр ол ызың-шуды,
Секілді жәндіктердің тамадасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу