Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  85


Автор: Тəпей Қайысханұлы

СЕКСЕУІЛДІҢ ШОҒЫ

Біле ме екем құм тілін,
Жарып шыққан құм түбін
Сексеуілдер сергек бір,
Семсер қолын сермеп тұр.
Жапқан жердің шөл-құмын,
Шор-шор буын, шор буын–
Сексеуілдің бойында,
Қайсарлық бар, мойында!
Қара түннің шырағы,
Қара құмнның шырайы,
От тəңірі шоқынар,
Сексеуілдің шоғы дəл.
Сол қып-қызыл шоқтардай,
Бар асылын жоқтардай,
Ой түбінде бір батыл,
Лапылдаған жыр жатыр,
(Шоқтай) жанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу