Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  94


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ҰЛАР НЕГЕ ШАҚЫРДЫ?

Үзілмес ұлар дауысы,
Изен иісі тау іші.
Бұйра бұлттың бауыры
Нағашымның ауылы.
Анам шыққан шаңырақ,
Қосатындай жаңа ырғақ _
Қала дуын қаламай,
Тауды аңсаймын қарадай.
Нағашымның ғұмыры,
Түгемейтін күбірін.
Тыңдасам-ақ, естимін,
Жылқылы елдің дүбірін.
Бұлтқа жуық күн кешіп,
Бұлтпен ғана үндесіп. 69
Жүргеннен бе білмеймін,
Мені көзге ілмейтін.
Шертілмеген домбыра,
Тұнып жатқан мол мұра
Бағыма, əйтеуір, жүр əкем,
Қабағы ашық жүр екен.
Түсіп кетсе сазына,
Қазып болмас қазына.
Айтады-ау, бір жаны ұйып,
Ұзын-ұзын тарих...
Тұңғиықтау сыр жатқан,
Кенет анау шың жақтан.
Ұлар үні естілді,
Елемеген ешкімді.
Бойымдағы екпінмен,
Елегізіп кеттім мен.
Естідің бе, аташым,
Қайтып қарап жатасың?
Бастығыма Ерекең,
Ұлар еті ем екен.
Атаң білем мерген-ді,
Атқызып кел деген-ді.
Тімтінем деп тіл мынау,
Қитығына тидім-ау;
Не деп тұрсың сен түйнек,
Деді ғажап шер түйнеп.
Үрей бар ма ділінде,
Діріл бар ма тілінде
Бір ысыды, бір суып,
Ауыр-ауыр күрсініп.
Ой, оңбаған, оңбаған,
Өлем қапсын ол надан.
Көзі ұларға түсті ме,
Жер тəңірінен күшті ме?!
Жанары шашып жасынды,
Барып-барып басылды.
Түнегін оның түре алмай,
Жерге де тұрмын кіре алмай.
Баяғыда қоралы аң,
Өретін-ді қорадан.
Жалбыз, жусан жегені,
«Жер ұйықтай» жер еді,
Шалқып жатқан ел еді.
Күйге түскен қыр мұңлы,
Естіп пе едің қырғынды?...
Қызыл шыңнан жоғары,
Ұлар үні жоғалды.
Содан бері, қарағым,
Шөгіп мен де барамын.
Аздан бері тəубə,-де,
Топ-топ болып тауға ана
Айықты ма аспаны,
Қайта келе бастады.
Білесің бе, құс əні,
Жақсылықтың нышаны.
Ұлы таудың ұлары
Ұлы таудың тұмары.
Шақырады ол неге?
Таудың ұлы ұғады.
Жаны неткен ізгі шын,
Баса бердім бетімді.
Қызыл көз шал, қызыл шың,
Бір туысқан секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу