Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  93


Автор: Тəпей Қайысханұлы

АНА ƏЛДИІ

Ояу тұрған тек қана жалғыз ай ғана,
Жалтақтаймын қалғыған айналама.
Іздеп келем, зарығып іздеп келем,
Қайда əлдиі, дариға-ай, қайда ана?!
Сызып қойған тағдырдың заңы ма бұл,
Сағыныштан езілді-ау, жаным ауыр.
Отырушы ед əрдайым əлдиімен,
Көңілімнің өсіріп бағына гүл.
Алса да өмір жаныңды қай қырына,
Көзің қашан ұлыңнан тайды мына
Түн ұйқыңды төрт бөліп тербетуші ең,
Шаңырақтан түскен сол ай нұрында.
Көкірегінен толқындап сезім селдей,
Кім аша алды мейірімнің көзін сендей. 
Тəтті əлдиің балқытып қалушы едім,
Көз ілініп кеткенін өзім сезбей.
Ұмыта алам, япырай, қалай бəрін,
Аунақшумен атты
-ау, бір талай таңым.
Бірге сіңіп қалған ба ақ сүтімен,
Ана үнімен ыңылдап əн айтамын.
Шамалағам қадырын бұрын кімнің,
Сіміріппін анамнан нұрын күннің.
Келеді тербетіп сол əлдиі,
Музыкасы секілді тірлігімнің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу