Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  54


Автор: Гүлнәр Уәлиоллақызы

Бір кездері

Бір кездері сен маған арман едің,
Талай-талай үмітті жалғап едің.
Тоғыстырып сезімді сыр шертіссем,
Содан артық бақ, сірә, бар ма дедім.
Бір кездері сен едің бар қиялым,
(Сол сезімге мен бүгін жан қиямын).
Жел сөздерді басар деп ел көзіне,
Айтып жүрем сыңсытып әлди әнін.
Бір кездері сен деген көңіл қандай,
Сен бар жерде ләззәтті өмір бардай.
Жүруші едім бәр-бәрін өзіңе арнап,
Шуағына махаббат шомылғандай.
Бұл сезімді сен, сірә, білмей кеттің,
Шырғасына шырмадың бір бейнеттің.
Бейнетім сол сарғайған сағынышым,
Жусанындай күз күнгі күнгей беттің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу