Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  50


Автор: Мейрамгүл Тоғжанова

Маралкөлге бара бер

Сағыныш бар санамда,
Жете алмай жүрмін саған да.
Ұшып бір кеттім көліңнен,
Оралмай қойдың содан ба?
Құмар ең таңғы шықтарға,
Қуана бірге шыққанда.
Мен берген жаным сондағы,
Қып-қызыл күлгін шыт бар ма?
Жалғыз бір келдім аралға,
Құмар ең мендей маралға.
Құшайын деп ем өзіңді,
Сен жоқсың бірақ аралда.


Куә ғой бізге марал бел,
Мені сен еске ала көр.
Сағынсаң жаным жиілеп,
Маралкөлге бара бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу