Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  68


Автор: Сағыныш Намазшамова

Махаббат дейтін мынау ұлы күштің

Махаббат дейтін мынау ұлы күштің
Ұсынғаны у екен,
біліп іштім.
Қадамыма қапыда қарғыс айттым
Ілестің деп ізіне ібілістің.
Ілестің деп,
өзіммен күрескім кеп,
Бүршік жарды кеудемде бір өскін кеп.
Бір күнім кеп бетімді тырнап жатса,
Бірі келіп үмітін үлестірмек.
Алаңдатқан,
аңсатқан,
торықтырған
Ерке күннің жолында ерік құрбан.
Сайтан азғырды деуші ем,
жо-жоқ, сөйтсем,
Періште екен біздерді жолықтырған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу