Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  87


Автор: Сағыныш Намазшамова

МАСКАРАД

Мектеп кеші. Жаңа жылдық маскарад,
Костюм киіп келген едік не түрлі.
Жүргізуші салтанатты бастамақ,
Жаңа өмір басталатын секілді.
Түлкі, аю, қоян да бар ортада,
Ай боп, Күн боп кепті бүгін көп қыздар.
Кей жігіттер көйлек киген, о, тоба,
Ер екені – тек көзінде отты ызғар.
Жалмауыз да, Жезтырнақ та осында,
Ертегіден елге жеткен ертелеп.
Жетелейтін небір қилы тосынға,
Шіркін, сол шақ күйін бүгін шертер ек.
Ән-күй төгіп, думан-тойы басылмай,
Жатқан кеше маскарадтай тіршілік.
Адамдардың бетпердесі ашылмай,
Бара жатқан, тіршілік-ай, ушығып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу