Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  88


Автор: Сағыныш Намазшамова

Құр ауаны кескілейтін сұрақтар...

Құр ауаны кескілейтін сұрақтар,
Ештеңені естімейтін құлақтар.
Ауыздар бар сөйлейтұғын жақ талмай,
Ал, ақиқат үнсіз жатыр ақталмай.
Қалағанын көре алмаған қарашық,
Қарашы әне,
көшеде отыр бал ашып.
Көріпкелдің кейпіне енген көлгірлік
Адастырмақ дүниені данасып.
Аяқтар жүр жүрісінен жаңылып,
Жаңылудан табамын деп жаңа үміт.
Екі қол да болып шықты алаған,
Қандай жаза тарттырасың ал оған?!
Ал қарындар... қарын жайлы білем не?
Не жақсылық жасады екен бұл елге?
Салмақтасақ мұның бәрін байыпты,
Осы күймен өмір сүру лайықты
мүмкін емес,
сондықтан да, адамдар,
Сырқат емес сау мүшеңді түгенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу