Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  657


Автор: Рза Қунақова

Сағынғанда еске аламын достарды...

Сағынғанда еске аламын достарды,
Дос келгенде той-думаным басталды.
Қосылғанда мерекеде басымыз
Əн мен сөзден орындаушы ек жоспарды.
Күй шертіліп, би билесек, əн салып,
Доссыз жандар қызығатын тамсанып.
Өлеңменен, өнерменен, думанмен,
Отырушы ек алтын таңды қарсы алып.
Сондай сəтте сыр сандығың ашылар,
Серпілмесең, еңсең кейде басылар.
Доссыз адам қанаты жоқ құспен тең,
Жабырқамас жанында көп досы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу