Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  58


Автор: Талап Қараш

Иіс

Келеді баса көктеп мәңгүрт заман!
Жанына қазақ иісін жуытпаған.
Шүлдірін үға алмаймын кей адамның,
Көңілдің дариясында малтып қалам.
Апыр-ай, қайда барып жан сақтаймын,
Жүрген бір ормандағы қарсақтаймын.
Қайран тіл жатыр тартып жетімдігін,
Кесілген шыршасындай тау-шатқалдың.
Шұбар күн, шұбар тілім, шұбар бәрі,
Сөйлесем шұбарлардың шығар жаны.
Қазақтың ұлылығын жырға қосқан,
Жұбанның жырына кім жұбанбады.
Жақсыдан жаман туған қиын екен,
Тілі бар мылқаулардың сыйы бөтен.
Жетпейді өзге елдің «хан сарайы»
Қазақтың исі аңқыған үйіме кең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу