Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  99


Автор: Талап Қараш

Мыңжасар Маңғытаевтың рухына

«Шерт күйіңді, сылқылдатшы» дегені әлі
есімде,
Алматының жанға жайлы қоңыр самал
кешінде.
Тараздағы інісіне қоңырау шалып
сол күні,
«Күй-Мұқағалидың» тұсауын үлгерген
кесуге
Жүрегі саз, көңілі дария, күлкісі тәтті
жан еді,
Жаратылған «симфониядан» ішкі дүние
әлемі,
Ағытып бір түрлі-түрлі әңгіменің
тиегін
«Талап балам аулақ жүргін» деді «жерден
бәлелі».
Сездім іштей сапарға алыс аттанғалы
жатқанын,
Есіне алып өткен жастық қызулы отты
шақтарын.
Қиялыма-қиял қосып сол бір күні
күй төккем,
Домбыраның қатты ұрмай қызыл қайың
қақпағын.
«Сылқылдат, сылқылдат» деп құлақта үні
тұрғандай,
Елеңдеймін аққу қыздар мойнын маған
бұрғандай.
Өнерімен өтті, өтті-ау дүниеден
мың жасап,
Мынау әлем енді бір сәт тыншып
тынғандай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу