Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  90


Автор: Талап Қараш

Қарғалым-ай!

Қарғалым-ай, Әсет әні шырқалған,
Жүрегімді құтқаршы бір құрсаудан.
Біреу жанын, біреу малын айтады,
Ала қашып көзін ұшқан сұңқардан.
Тауың жатыр қақ төріңде көсіліп,
Көрген жанның қам көңілін өсіріп.
Күзде келдім өзің жаққа дәм тартып,
Көктем күнгі самал желдей есіліп.
Шөбің шүйгін, ауаң жұпар, сеземін,
Менің де бір сөйлер келді кезегім.
Күннің нұрын ұрлап алған алмаңа,
Көз суарып тұнжыр бақты кеземін.
Қарғалым-ай, Қарғалым-ай, Қарғалым!
Сырларыңды аспаныңнан аңдадым.
Сүрлеуімен жүріп сазгер Әсеттің,
Өзімді-өзім арман жырмен алдадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу