Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  79


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Сұлтанға

Әні мен өлеңі Кәрім Жұмағалиевтікі
Елемеуші ең еш нәрсені жастықта,
Жеңіп шығып талай айтыс тартыста.
Қырық жылдай ел басқарып жүргенде,
Сұлтекең де келіп қапты-ау А Л П Ы С Қ А.
Қ а й ы р м а с ы :
Алпысқа келген жасыңда,
Қарлығаш, Мара қасыңда.
Тілеймін Сізге денсаулық,
Жасыңыз жетсін ҒАСЫРҒА.
Өмір деген Мұхиттай ғой тулаған,
Зымырап өтіп бір орнында тұрмаған.
Алпыс жаста бұл өлеңді Сұлтеке,
Әдейі арнап Кәрім бажаң сыйлаған.
Қ а й ы р м а с ы :
Алпысқа Сізді қимаған,
Бажам деп Сізді сыйлаған.
Өлең мен әнін Өзіңе,
Кәрім арнап шығарған.
Алпыста деп Сұлтекеңді кім айтад,
Тілейтінім Сұлтекеңе күш-қайрат.
Алпыс емес сексен-тоқсан жасыңда,
Денің сау боп Мараменен жүр жайнап.
Қ а й ы р м а с ы :
Алпысқа келген жасыңда,
Қарлығаш, Мара қасыңда,
Тілеймін Сізге денсаулық,
Жасыңыз жетсін ҒАСЫРҒА.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу