Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  249


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Мен қазақ

Өлеңі: полковник Қаппар Сүлейменовтікі.
Әні: полковник Кәрім Жұмағалиевтікі.
Мен қазақ, елім үшін батырмын да,
Қобызшы, әнші, күйші ақынмын да.
Қашаннан адам сүйгіш кең пейілді,
Бар ұлтқа туысқандай жақынмын да,
жақынмын да.
Мен қазақ, ошағынан от кетпеген,
Қайнаған самаурыннан шоқ кетпеген.
Аттаған босағаны кім болса да,
Дәм татпай қуыс үйден бос кетпеген,
бос кетпеген.
Мен қазақ, қытым алмас қабағына,
Соятын жалғыз малын қонағына.
Ойламай ертеңгі күн не жеймін деп,
Салатын барлық асын табағына,
табағына.
Мен қазақ, мінезім бар тасынатын,
Күштіге, атақтыға бас ұратын.
Бір қазақ көтеріліп бара жатса,
Тартуға етегінен асығатын,
асығатын.
Мен қазақ, байып кетсем басынатын,
Ойдағым болмай қалса ашынатын.
Атаққа, лауазымға жету үшін,
Барынша төгінетін, шашынатын,
шашынатын.
Мен қазақ, шіріп жатқан шылығы көп,
Жақсыға, жаманға да, шығыны көп.
Ұлтшылдық әдеттерім болмағанмен,
Рушылдық қанға біткен қылығым көп,
қылығым көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу