Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  281


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Пейіл

Өлеңі : Мариям Жұматованыкі
Әні : Кәрім Жұмағалиевтікі
Тірімде сыйлас, сыйласам десең менімен,
Сыйласу деген санаспас шекпен-шенімен.
Ағыл да тегіл, ақтарыла бір сырласып,
Отыршы келіп төріме Ақ көңіліңмен. – 2 рет.
Аядай бөлме, отырам деме қай жерге,
Даладай кеуде, жазира көңіл бар менде.
Атшапырымдай үйлері бар жандар да,
Болады кейде бір кісі сыймас тар кеуде. – 2 рет.
Ат мініп менен, қамқа тон киіп кетпессің
Бар мәзір асын, дастарханына төкпес кім?
Келгенде досым, қазы мен қарта жемесе,
Пейілмен құйған шайыма риза боп кетсін. – 2 рет.
Санаса көрме, қарама бар мен жоғыма,
Барымды төгіп, сыйлайын сені сағына.
Шын пейіліңмен, қара су берсең ризамын,
Не жетсін шіркін, көңілдің кірсіз ағына. - 2 рет.
Өлгенде мейлі, сәйгүлік әкел жетектеп,
Сыртыңнан күліп, дос-жаран тұрар өсектеп.
Қатпар боп қатып, өзіңнен қалса көңілім,
Қыртысын жазып, кетіре алмассың үтіктеп. – 2 рет.
Тірімде сыйлас, соңынан жүрме өкініп,
Соқпаса зауқың, тұрғам жоқ мен де өтініп.
Өмірде кілең, бестік бағалар болмайды,
Дәптерге Тағдыр, қояды кейде екілік. - 2 рет
Өмірде кілең, бестік бағалар болмайды,
Маңдайға Тағдыр, жазады кейде екілік,
Тірімде сыйлас, соңынан жүрме өкініп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу