Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  407


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Өзімді таныстыру

Әні де, өлеңі де Кәрім Жұмағалиевтікі.
Жұмағали баласы, атым Кәрім,
Бір басыма Құдайым берген дарын,
Домбыра алып, ән салып алдарыңда,
Сәлем бердім бас иіп барша қауым. - 2 рет.
Бұл өмірдің өтерін білмеп пе едім,
Кеше ғана сәби боп жүрмеп пе едім.
Балалық шақ балауса көз алдымда,
Асық ойнап асыр сап жүрген кезім. - 2 рет.
Елемеппін есейіп өскенімді,
Мені тастап жастық шақ кеткеніңді,
Жиырма бес пен отызда ойран салып,
Елуді аттап алпыстан кеткенімді,
Алпысты аттап жетпіске жеткенімді.
Ризамын мен өмірді сүргеніме,
Шалқып тасып осылай жүргеніме.
Құдай берген өнердің арқасында,
Өлең айтып шаттанып күлгеніме,
Шалқып тасып осылай жүргеніме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Малика
Малика 25.03.2024 21:56
Өзің өзі таныстыру

Пікір жазу