Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  141


Автор: Кәрім Жұмағалиев

МІНЕЗІҢ БАР....

Мінезің бар, Адам ұғып болмайтын,
Ашулансаң аласұрып қоймайтын.
Алған беттен қайтпайтының тағы бар,
Жақтырмасаң себепсізден қорлайтын.
Кей бір кезде, қапас қара түндейсің,
Ашулансаң томпиасың күлмейсің,
Ақ көңілді жаныңдағы жандардың,
Қасиетін кейбір кезде білмейсің.
Мінезің бар орынсыз кеп күндейтін,
Секілдісің бұл өмірді сүймейтін ,
Ақ көңілді жаныңдағы жандарды,
Кездерің бар көзіңе де ілмейтін.
Мінезің бар, айтатұғын сырыңды,
Еске алып ғұмырды өткен бұрынғы.
Бірақ Сенің аңқылдаған мінезің,
Қағып алад ашуланған жыныңды.
Кейбір кезде жайма шуақ жаздайсың,
Сол кезде Сен тәттісің ғой балдайсың.
Маған деген шын ықылас көңілмен,
Өмірімді ары қарай жалғайсың.
Қысқа өмір қолымызда аңдасаң,
Өмір ұзақ ашуға Сен бармасаң.
Ғұмыр-дүние бізге бақыт әкелсін,
Өміріміз күншуақ боп жалғасқан.
Ашуыңнан көп қой Сенің ақылың,
Менен басқа жоқ қой Сенің жақының.
Шабыт келіп жыр арнаған өзіңе,
Жаныңдағы, жарың әрі ақының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу