Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  222


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Өсекшіл шал

Баяғыда болыпты өсекшіл шал,
Өсек айтып, күн көріп, тауыпты мал.
Достарын, жолдастарын, туыстарын,
Шағыстыру бұл күнде әлі де бар.
Өсекшіл шал отырар шағыстырып,
Достарын бір-бірімен алыстырып.
Сырттан өсек айтқанды күнә дейді,
Туыстардың арасын алыс қылып.
Жалған сөзді әр жерден жиыстырып,
Өтірікті шындай-ғып қиыстырып,
Көңілі көншімейді отырмаса,
Өсек айтып, достарын ұрыстырып.
Шағыстырған достарын табыстырып,
Жүз грамды ішеді табыс қылып.
Бойға біткен ғадет қой бала кезден,
Өсекшіл шал отырар шағыстырып.
Қайдан білсін ол байғұс, шындық барын,
Өсекпен түсіре алмас Достың арын,
Өтірік - өсек, шындықпен ашылған соң,
Деп атапты ол шалды, мысқал-залым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу