Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  135


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Достық әзіл

Редактор жастау жігіт аты Зәкім,
Іскерлігін мақтайды оның әркім.
Журналистер қауымын басқарады,
Одаққа әйгілісің атың айқын.
Жұп-жұмыр, доп-домалақ Қанапия,
Өлең жырды жазуға жаны пида.
Қарыштай бер, қанатың талмасын деп,
Әзіл-оспақ жолдайды милиция.
Кім білмейді момақан Сәрсенбекті,
Өлеңге де, проза, сөзге де епті.
Түсірмеші газеттің беттерінен,
Қаламменен түйреп-ап, әр тентекті.
Мария-халық қызы еркелеткен,
Өлең жазған талпынып ертеректен.
Ақиқат пен Аңызды тарту етіп,
Әйелдер риза болды-ау, осы реттен.
Еңбегің сенің де бар Сайдхасан,
Суретті түсіресің бала жастан.
Ел кұсап жазып, сызып әуреленбей,
Сурет шығад кнопка басып қалсаң.
Әзіл-оспақ арнаймыз Кәрімқұлов,
Жүрегімді берер ем үзіп-жұлып,
Дейді екен кей бір жастау қарындастар
Кетсеңші тым болмаса мойның бұрып.
Сүйем деген сөзіңді естісек біз,
Естен танып қаламыз қарап тұрып.
Тұрғанбек құлағыңа алтын сырға,
Кейбіреулер жүр саған салып құрық.
Дұғай сәлем айтамыз селькорларға,
Қаламдарың қарсы тұрсын жемқорларға.
Үстеме баға қосып, сататұғын,
Көз қырын сала жүргін сельполарға.
СССР журналистер Одағының,
Мүшелері осындағы қоғамының.
Қален, Зәкім, Сәрсенбек, Қанапия,
Тұрғанбек пен Сафилер болатұғын.
Сіздерге үлкен міндет арту үшін,
Шыңдалсын қаламыңның қарқын күші.
Сіздер үшін біз міне келіп тұрмыз,
Музыкалық сәлемді тарту үшін.
Дұғай сәлем журналист қауымына,
Қарашы милиция бауырыңа.
Сіздерді қызықтауға шақырады,
«Жалын» атты ансамбль сауығына.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
7-тамыз 1980 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу