Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  86


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Құмарың емес пе едім мен...

Құмарың емес пе едім мен,
Жетуге асығатындай.
Мұнарың емес пе едім мен,
Бір сәтке жасыратындай.
Сеңгір тау, сексеуіл селдір,
Сел еттің, жетті ме үнім?
Маңына хабарла, сендір,
Тұлпар боп кепті де құлын!..
Жер қапты ғұндардан маған,
Әр күнім жұмақ көретін.
Шөлдесем – гүлдерден анам,
Таң шығын жинап беретін.
Көкірегім мұң еді жаңа,
Әлдекім алып кеткен бе?
Жайымды біледі дала,
Көз жасым тамып кеткенде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу