05.09.2022
  1425


Автор: Кенжебек Сержанұлы

Өмір үлкен кеме...

Тоқтаусыз сәттер... Минуттар... Жылдар...
Ғұмырын өткізіп, қиныдықпен жеңілдікті бір таразылай ұстап, өнегелі ұрпаққа осы ғасырды табыстаушылар олар -асыл қариялар...
... Қария демекші, бәрімізге алдымен егдей тартқан, қарттық жалмасқан, бозарып елжіреген, қолтығына таяғы жармасқан ата-әжелеріміз есімізге оралады. Менің өзімнің таразылай келіп, бір ойға шомылғаным, қариялар үлкейген сәттерінде тыныштықты жаны сүйіп,тыныш өмірді қалайтынын біреулеріміз білсек, өкінішке орай, біреулеріміз білмейді екенбіз. Немере көрген, шөбере сүйген асыл қарияларымыз арасында немере, шөбере баққанымен тыныштықты бір сәтке болса да қалайтыны тартып тұрады. Сәтке болсада таза ауада серігіп, демалуды ойға алған қарияларды ұл-қыздары іштей түсінішпеушілігі басым болып, ата-анасын жақтыртпай, "менің ұлымды немесе қызымды бақпады" сынды үлкен де ауыр сөз айтып, үйден кетіп, базбүйректер сапына жедел асығады...
...Арты қарияларымыз үлкейгендіктен түспеушілігі басым болып, қатты ойға салынып, депрессияға түседі...
Жастық шақтарындағы жора-жолдастары, қатар-құрбылары естеріне оралып, "О дүние" терменин ойға кіргізе бастайды... Қатал тағдыр, қатал ұл-қызы өрімдей немере-шөбере бақпағандықтан, т.б. отбасы мәселелеріне байланысты, оларды соңғы табан тірер қарттар үйіне еріксізден апарып тастайды... Енді міне, ғасырға жақын ғұмыры бір күнде быт-шыт, сынған айнадай болып оларға елестейді... Бәлкім солай болары анық...
Қатал тағдыр тауқыметі басталды. Ұл-қызы жоқтары көше кезіп, үйді тастап кетуге мәжбүр болады... Депрессия кесірінен ішімдікке салынып, дала қариясы атанып алады сол сәтте... Біреулердің соққысына түсіп, үстері адам айтпастай көгеріп, әр-әр жерде домалап жатады...
Іштей көргеніңде жылайсың... Көре тұра ертеңгі қарттық өміріңді болжай қаласың... Байғұс жандар дала кезіп, қаңғып, жүре-жүре ақыры өмірден өте барады...
Кешегі мұз жастанып, сұм фашистермен арпалысып, күн демей, тұн демей жауға қарсы ұмтылған, кеудесінде медал-ордені жарқыраған майдангер, сол жылдары ауыр тылда еңбек еткен асыл қарттарымыз, бала-шағалары жоқ жандар көше кезіп, үйсіз-күйсіз көргенде ішің от боп өрттенгендей бола қалады.
Қимайсың... Эй, қатал тағдыр... Қатал жалған дүние..
Иә, қамқоршы Алла Тағала Асыл қарияларымызды бір сәтке болса да жұбатшы, оларды қатал тағдыр иесі қылмауыңды өтінемін! Олардың көшеде немесе қарттар үйінде бізге қарайланған көз жанарынан жас тамшылап аққанын көрсетпеші...
Асыл достарым, қарияларымызды барынша аялап, ардақтап, олардың ғасырға жуықтаған ғұмырларын бақытты аяқтауына куәгер болуымызды басты назарға алайықшы. Аман болсын, қарияларымыз...

К.Сержанұлы,
Астана.
27.10.2015 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу