Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  246


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Дауыс

Замана көшті, жаңағасыр ауысып,
Ғалам–Дауыс,
Далам--Дауыс,
Тау іші.
Шыңғырады жапандағы құдықтан
Жанталасқан Шәкәрімнің дауысы!



Қара тобыр жек көретінһас тұлға,
Сені көрдім–қанды асудан астым да.
Қабірі жоқ Мағжанның
– Дауысы бар
Қасіретті жеті қат жер астында.



Алашымды– «Адай» сынды күйлері,
Неге айдаһар астына сап иледі?
Елтай екеш – Елтай да елін есіркеп,
Колбин екеш – Колбин бізді биледі.



Алашымнан емген уыз
Уылжып терлеп -тепшіп кеп,
Көз алдымдақалай ақты көк сүт боп?
Көк аспанға жетпейқалған Дауысым
Өзегімде ұйыпқалды өксік боп.



Е, о дағы сансыратқан сапар-ды,
Алаш дауысы–
Алла сындықаһарлы.
Өзегімдеқалыпқойған сол Дауыс
Жалт қаратсын бүгін күллі жаһанды!



Көк байрақ-ты– Сүйінбайлар салған жыр,
Азияңды–
Адамзатқа жалғап жүр.
Шығысымда–
Ысылдаған айдаһар,
Батысымда– Самұрықтар самғап жүр.
Самұрықтар сайран салған жалған– бұл.



Алаш Анам,
Ару Анам,
Арысым! Қасіреттен
қанжылап тұр әлі ішім.
Шалынса екен құлағына Алланың
«Абылай!»-лап жауға шапқан Дауысым,
Дауда шапқан Дауысым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу