Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  74


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚАНАПИЯ

Терең ойлап тексеріп,
Өмірден алып теңгеріп,
Бой тежемей сөзің жаз,
Белгі үшін еңкейіп.
Жауап:
Сыздық-ау, заман келмек неше бунақ,
Өтпекші бәрі бастан бір күн зулап.
Өмірде талай соққы көрер басың,
Ағындай жел айдаған толқын тулап.
Тұрмыстан соққы көрмек талай адам,
Бейбіттеу аң-санадан болса надан.
Жаратылыс сырларын шеше білген,
Халық қана ілгері баспақ қадам.
19.01.1932 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу