Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  46


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖАС КҮНІҢ

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық басың бос,
Қайғысыз, ойсыз мас күнің,
Кімді көрсең бәрі дос.
Махаббат, қызық мал мен бақ,
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміті жақын көңілі ақ,
Болар ма сондай қызық шақ.
Құдай-ау, қайда сол жылдар?
Махаббат, қызық мол жылдар
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті құрғырлар.
Жалынасың боқтайсың,
Сағынасың жоқтайсың,
Қасиет кетті дос кетті,
Жете алмайсың тоқтайсың.
Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын,
Жаралы болған жүрекке,
Дауа бер жамап сынайын.
Құнанбайұлы Абайдан
19.05.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу