Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  71


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ақ маралым – аңғалым...

Ақ маралым – аңғалым,
Аңдыған жау – жан-жағың.
Қапылыста қақпанға
Тұтқын болып қалмағын.
Кісікиік тағдырым,
Аңдымайды аңды кім.
Таста ойнарсың тағы боп,
Талғажу қып таң нұрын.
Сезігі мол сезімім,
Өзектінің өзімін.
...Қорқау ниет ұлиды-ау,
Айдалада созып үн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу