Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  279


Автор: Әуезхан Қодар

Бәрi болар ұлы hәм бұйырымды....

Бәрi болар ұлы hәм бұйырымды,
Жер — кәдiмгi, суы да иiрiмдi.
Ағаштар — нән, ал дуал — бiр-ақ аттам.
Жайлар сонда қырың мен қиырыңды
Қойшылар мен дихандар жұрағаттап.
Шiркеу болмас құдайды қоршалаған,
Тұтқындағы аң сынды боршалаған,
Қан жылаған жоғалтып сыңар iздi.
Ұйлер болар қонақжай, ығынумен,
Шегi жоқ құрбандыққа жүгiнумен
Қылығымыз көркейер мына бiздiң.
О дүниеге телмiрмей, зейiндемей,
Қайғы түгiл ажал да көзге дықсыз.
Күнделiктi тiрлiкке бейiмделе,
Аялармыз өмiрдi өзгерiссiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу