Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  110


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Мөлдір тамшылар

Бұлттар жабағы,
Көктi жабады.
Күзгi тамшылар
Тамады, тамады...
Күзгi тамшылар,
Күзгi тамшылар!
Болашақ бұршақ па,
Әлде қар шығар!
Терек, тал, шынар
Терге малшынар.
Түндiгiн жапты ма
Күзеуде малшылар!
Күзгi тамшыда
Көктем даусы бар!
Көктiң көз жасы
Қашан таусылар?
Бұлттар түйiле ме,
Қамшы үйiре ме?
Осынау дүниеде
Менiң де тамшыдай
Орным бар шығар?
Тамады тамшылар,
Тамады тамшылар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу