Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  62


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Туған үйiмнiң терезесiнен

Туған үйiмнiң терезесiнен
Қазақстан даласы көрiнедi.
Аспанында ақша бұлт керiледi,
Ақша бұлтқа жолдаған сәлемiмдей
Ошағымның түтiнi өрiледi.
Менiң терезелерiм таңға ғашық,
Қапталында тұрады бау жарасып.
Уысыма iзiңдi қаттаймын деп
Алақаны жатады жолдар ашып.
Тереземдi ақ жаңбыр жуады кеп,
Тамшысында мөлдiреп тұрады көк.
Мен үйiмнен шығамын туған жердiң
Жүгiруге ерке бiр бұлағы боп.
Туған жермен жанмын мен тынысым бiр,
Туысым бiр, жауым бiр, ырысым бiр.
Жүрегiмде тербетем туған жердi
Жырламаса Отанын құрысын жыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу