Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  70


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қалқам-ау, қандай адам аңсағаның?

Қызықсам мен бұлақтың күлкісіне,
Қызықтың сен таудағы гүл түсіне.
Жалт етіп алдымыздан тұра қашқан,
Бұлт арман қырдың қызыл түлкісі ме?
Ай батып бір күлместен, жылынбастан,
Аспанда жұлдыз қалып жымыңдасқан.
Екеуміз түн бойына сырлассақ та.
Қызыл гүл орнында тұр жұлынбастан.
Соқтырып өзіңнен бір таң самалын,
Ерніңнің балы ма еді тамсағаның.
Жаныңда мен жүрсем де арман етіп,
Қалқам-ау қандай адам аңсағаның?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу