Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  74


Автор: Есләм Зікібаев

Көп сырларын үлгермей ұғып адам...

Көп сырларын үлгермей ұғып адам,
Уақыт өтіп барады зымыраған.
Шала құмар күйінде шыр айналар
Тамақ ішкен түлкідей құмырадан.
Тамақ ішкен түлкідей құмырадан,
Бас сыймайды,
Қалайша сұғына алам.
Əркімдерге жалтақтап, жалпаңдаған
Жағымпаздың қашан да күні қараң.
Өрттей лаулап өтетін аз ба адамдар,
Жүрегінде маздаған алау-от бар.
Ақындықтың қасиет, қасіретін
Түсіне ме бір өлең жазбағандар.
Түсінбейді-ау
Түсінсе жарар еді,
Бірге өртеніп, бір күйіп, жанар еді,
Жақсылығын тап басып табар еді.
Тереңдегі сезімнің серпілісін
Көзбен емес, көңілмен қарар еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу