Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  71


Автор: Есләм Зікібаев

Жазың, қысың, көктемің, күзің маған

Жазың, қысың, көктемің, күзің маған
Бірдей қымбат тауың мен түзің, далаң...
Көңілімнің кезі жоқ бұзылмаған.
Құлағымды, Туған жер, өзің жаққа
Тосып жүрем, естісем өсіп жүрем.
Хабар күтіп желден де ызыңдаған,
Ел деп соққан жүрегім елеңдейді
Елдің күні – ЕР, Ердің де күні Елменен.
Біреуіне əр беріп, бірі келген,
Ұлылар мекендеген Ұлы жерден
Ағаларға жалғасып іні де ерген.
Мұз, қарлы кездерде де қаңтар, ақпан
Жастықпенен жарасып қатар аққан
Сезімнен не қалды екен елге айтардай
Езілген еңсесі жоқ махаббаттан.
Ыстығы не, өмірдің салқыны не
Қызығымыз сəбидің əр күніне
Десек-тағы уақыттың нарқы міне,
Бəрі бір балбырамай тұра алмайсың
Баланың уыз мөлдір бал тіліне.
Жүрегім – шұрық тесік, қырық құрау
Сынбас жерде сықырлап сыныппын-ау.
Жалғанның жалғандығын біле тұрып,
Көңіл құрғыр көрсоқыр, жүріппін-ау
Құмайы қызыл түлкі қызық күндер...
Ала кеулім алдымнан орай қашып,
Тəттілігін тірліктің шын ұқтым-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу