Өлеңдер ✍️

  26.08.2022
  92


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Көзді адам

(Тұрар апаға)
Балғын шағы шалғайда, түсі көктемдей,
Көп суреттің үстінен ұшып өткендей,
Алпысты аман аттаған апамыздың,
Желкелеуге жетпісті күші жеткендей.
Кемел ақыл, мейірлі алақан барын,
Сезінгендер сіңірді жарата алғанын.
Алатауға Абайдан қуатты келді-ау,
Анақаздай шұбыртып балапандарын.
Қыз өсірді, қылықты, құлқы да дара, Ұл
өсірді тоқпақтай мұртына қара!
Ұрпағы үшін шымшықтай шырылдап өтер,
Қай құдірет теңессін шіркін, анаға?!
Ініге ізет, үлкенге құрметі қандай?!
Білетіндер іздейді, үйде отыра алмай.
Мақпалға орап, мәпелеу керек-ақ енді,
Көзді адамның көңілін кірлетіп алмай!



1998 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу