Өлеңдер ✍️

  25.08.2022
  73


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Сыбайластар

Ақсақ иттің көңілі аржақтаны,
Неге айтты екен ескінің заржақтары?
Қолында жоқтығынан көрінбей жүр,
Өнердің не ғажайып саңлақтары!
Жайлады момын елдің елдің ішін еркін,
Індеттің естілмеген тармақтары...
Нашаға ұл құнығып,қыз бүлінсе, Ол
да осы замананың зардаптары.
Шатасса дүниенің үндестігі,
Енді оны түзете ме қарғап бәрі?!
Саудың күні немене мас қасында?
Қарттың күні немене жас қасында?
Анықтап ақша тықса,қонышына,
Аяқ силы кемеңгер бас қасында.
Өз елін жаудай шапқан «аяқтардың”
Мэрседес зырқырайды бас-басында.
Айналып,шағын тобыр Қарынбайға,
Қалғаны шегінгендей тас ғасырға.
Алтын көміп кеткендей аталары...
Қап-қап доллар шетелдің кассасына
Қарынбайлар әлемді араласа,
Ұғынған үлгісі жоқ,сараң аса!
Шіріген шеттегі ақша неге керек,
Үрейден ішкен асы тарамаса?
Әскери шенді барып барымтаға,
Бәлесі өкше ізінен балаласа...
Батаға шал-шауқаны жарамаса,
Бәлесі өкше ізінен балаласа...
Батаға шал-шауқаны жарамаса,
Сөйте тұра ауылды алаласа.
Бүйтпес еді о бастан сыбайлас топ,
Байлықты бей-берекет таламаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу